Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл

Жаңғырту жөніндегі ұлттық комиссияның отырысында мақұлданған Ұлт жоспары - 100 нақты қадамдарын іс жүзінде іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарының (2016 жылғы 15 наурыздағы № 20-5/И-6 хаттама) 13-қадамының 9-тармағын орындау шеңберінде мектеп ортасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру бағдарламасына сәйкес рухани-адамгершілік және азаматтық-патриоттық тәрбие аясында «Адал ұрпақ» клубының жұмысы жалғасуда. «Адал Ұрпақ» ерікті мектеп клубының негізгі міндеттері: мектеп ортасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру, сыбайлас жемқорлыққа төзбейтін қарым-қатынасты нығайту жөніндегі бастамаларды көтермелеу, сыбайлас жемқорлыққа қарсы сипаттағы іс-шараларды ұйымдастыруға қатысу болып табылады.

Білім алушыларға құқықтық тәрбиелеу бойынша викториналар, әңгімелесулер өткізіледі, сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясаттан қызметкерлер шақырылады. "Парасатты азамат" ақпараттық стенді үнемі жаңартылып отырады. Барлық ақпарат балаларға түсінікті тілде беріледі. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы тақырыпта сынып сағаттары, оның ішінде 8 «Б» оқушылары үшін «Сыбайлас жемқорлық неге әкеледі» ашық сынып сағаты өткізілді (сынып жетекшісі Р.Ж. Мұхаммедғалиева). «Сыбайлас жемқорлық - құқық бұзушылықтың ерекше түрі ретінде» тақырыбында бірыңғай сынып сағаты өткізілді. Кітапханашы Н.С.Тілеужанованың «Заң және сыбайлас жемқорлық» стендін безендірді. Интернат тәрбиеленушілері арасында жемқорлыққа қарсы тақырыптағы суреттер байқауы өткізілді, оның ең белсенді қатысушысы - Зелепухин Виктор болды. Байқаудың барлық қатысушылары қатысқаны үшін грамоталар мен тәтті сыйлықтарға ие болды.

Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің департаменті 18 мамырда ұйымдастырған «Парасаттылық сағаты» жалпыреспубликалық онлайн акциясы аясында «Парасаттылық сағаты - Ұлы Абай мұрасы» тақырыбы бойынша Парасаттылық бейне-сабағын тамашалау ұйымдастырылды. Акцияға 8-9 сынып оқушылары, сынып жетекшілері және «Адал Ұрпақ» клубының мүшелері де қатысты. Оқушылар бейне-сабақты қарап, сыбайлас жемқорлық әрекеттері Қазақстан Республикасы азаматының дүниетанымына, адамгершілік принциптеріне қайшы келеді деген қорытындыға келді.

Мұндай іс-шаралар мектеп ортасында рухани-адамгершілік және азаматтық-патриоттық тәрбие тұрғысында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруға ықпал етеді.



Текст
Виртуальная приемная